Щучье қаласындағы «Жақсы-2» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиындары өтті.
Оқу-жаттығу жиынына Астанадан, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарынан 140 спортшы қатысты.
Бүгінгі таңда Қазақстан 🇰🇿 әйелдер құрамасы халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, жастарды осы спорт түрімен айналысуға итермелеуде.
Каратэ қыздарға жаңа перспективалар ашады: ірі турнирлерге қатысу, спорттағы мансаптық өсу. Федерациялардың қолдауымен және каратэнің танымалдылығының артуымен әйелдер спорты жаңа деңгейге көтеріліп, стереотиптерді бұзып, қыздардың мықты әрі сенімді көшбасшы бола алатынын дәлелдеуде.
Спортшылар мен жаттықтырушыларға табысты жыл және жарқын жеңістер тілейміз!