21-22 желтоқсанда Атырау қаласында каратэ шинкиокушинкайдан жыл сайынғы «Батыс Қазақстан» республикалық турнирі өтті.
⠀
Маңғыстау, Астрахань, Атырау облыстары мен Астана қаласынан 400-ден астам спортшы ымырасыз белдесулер көрсетіп, 35 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтады.
⠀
Бәсекелестік деңгейі кестеден тыс болды
⠀
Атырау облысының спорт және туризм басқармасына және барлық командаларға қатысып, қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз.